|
20.03.2019 | 15:12
4446

Өскеменде екі адамды өрттен құтқарған әйел марапатталды

Батыл әйел тез арада жедел жәрдем шақырған

Өскеменде екі адамды өрттен құтқарған әйел марапатталды

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті  Меруерт Темірбаеваны «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады. Өскемен тұрғыны мұндай жоғары награданы биыл наурыздың басында «Металлург-3» бағбан қоғамдастығында болған өрт кезінде екі адамды құтқарғаны үшін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өскемен қалалық ТЖБ-ға сілтеме жасап.

Меруерт Темірбаева құтқарушылар келгенін күтпестен жанып жатқан өрттің арасынан 2013 жылғы баланы алып шығып, бүлдіршіннің анасына қауіпті аймақтан шығуға көмектескен.

Батыл әйел тез арада жедел жәрдем шақырған. Олар күйік шалған зардап шегушілерді балалар аурханасының жансақтау бөліміне және №1 қалалық ауруханаға ауыр халде жеткізген.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Меруерт Темірбаева «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир