Құлсарыда әкесімен бірге суға кеткен жас жігіттің денесі табылды

primeminister.kz
primeminister.kz
Ол әкесі екеуі 6 сәуірде резеңке қорғаныш костюмдерін киіп, топан су басқан үйлерін тексеруге кеткеннен оралмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз



Атырау облысы Жылыой ауданында бір апта бұрын жоғалған әкелі-балалы екі ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құтқарушылар Болатбек Ермекбаевтың мүрдесін жексенбіде  сағат 21:00 шамасында, ал 24 жастағы Асылханның мәйітін сағат 13:30-да үйінен 1 шақырым жерден тапқан. Іздестіру жұмыстарына  40 қызметкер, 6 жүзу құралы, 1 бірлік техника жұмылдырылған.

Жайық жағасынан өзге ер адамның да денесі табылғаны хабарланды. Кеше кешке арнайы құрылғының көмегімен өзеннен шығарылған ол былтыр жоғалған жасөспірімнің денесі болуы мүмкін. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

– Еске сала кетейік, су тасқыны кезінде  1976 жылы туған азамат баласымен бірге тұрғылықты мекен жайына барып, хабарсыз кеткен. Осы ретте төтеншеліктер су тасқыны кезеңінде тұрғындарға Төтенше жағдайлар орын алған аймаққа рұқсатсыз кіруге  болмайтынын ескертеді, – деді Жылыой ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Қобылан Кенжебеков.







Оқи отырыңыз: Өскемен тұрғыны немересін өлтірді деген күдікке ілінді

Новости партнеров