Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: Зардап шеккен төрт адам ауыр халде жатыр

NUR.KZ
NUR.KZ
Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде, жағдайлары ауыр деп бағалануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордалық әкімдікте үш автобус, жедел жәрдем мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды NUR.KZ.

Билік өкілдерінің ақпаратына сәйкес, бүгінде ауруханада 14 адам жатыр.

13 науқас №2 қалалық көпсалалы ауруханада ем қабылдауда.

Олардың төртеуі жансақтау бөлімінде, жағдайлары ауыр деп бағалануда.

Сонымен қатар ақ халаттылар тоғыз науқастың жағдайын орташа дәрежеде ауыр деп отыр.

Апаттан зардап шеккен тағы бір адам №1 қалалық ауруханада емделуде.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтанда 26 наурыз күні үш автобус, жедел жәрдем мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол апаты екі адамның өмірін қиды.

Жол-көлік апаты салдарынан 30-ға жуық адам медициналық мекемелерге жеткізілді.

Жол апатының нақты себебі әлі анықталған жоқ.


Новости партнеров