|
28.03.2019 | 15:18
1150

«Ақтөбенің» бұрынғы қақпашысы клубты сотқа берді

Қақпашының арызын қалалық сот қарап жатыр

 «Ақтөбенің» бұрынғы қақпашысы клубты сотқа берді tengrinews.kz

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Сидельников «Ақтөбе» футбол клубын сотқа берді, деп жазды tengrinews.kz.

Қақпашының арызын қалалық сот қарап жатыр. Футболшы бұрынғы клубынан 25 миллион 592 мың теңге өндіріп алмақ. Бұл сомаға жалақы бойынша қарыз, мерзімінен кешіккені үшін өсімақы және қолданылмаған еңбек демалысының өтемақысы кіреді.

«Ақтөбе» ФК-мен бірге Сидельников Қазақстан чемпионатында үш рет топ жарып, екі мәрте күміс және қола медальдар иеленді. Ойыншы мансабын 2018 жылы қаңтарда аяқтаған болатын.


Айта кетейік, «Ақтөбе» үстінен шағым түсірген жалғыз Сидельников емес. Биыл ақпанда ФИФА нигериялық қорғаушы Айоделе Аделейенің алдындағы қарызы үшін «Ақтөбеден» алты ұпай алып тастаған.  Кейін клубтың бұрынғы форварды Неманья Николичтің арызынан соң федерация «Ақтөбеден» тағы үш ұпай алды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир