Әйел күйеуінің денесі жатқан табытты үкіметке алып келді

sputniknews.kz
sputniknews.kz
Әйелдің айтуынша, қазір күйеуінің денесі жатқан табыт Самарадағы жерлеу залында тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Самара облысының тұрғыны күйеуінің мәйіті жатқан табытты өңір үкіметінің ғимаратына әкелді. Айтуынша, жерлеу қызметінің тым қымбат болуынан марқұмды жер қойнауына тапсыра алмаған, деп хабарлайды Sputnik. 


«50 мың рубль сұрайды. Баламды жалғыз асырап отырмын. Мұндай ақшаны қайдан аламын?», - деп ашынды ол РЕН ТВ арнасына берген сұқбатында.

Самара облысының губернаторы Дмитрий Азаров қала басшысы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне болған оқиғаны жіті тексеруге және барлық ақпаратты жария етуге уәде берді.

Сондай-ақ, ол көз жұмған ер адамның отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Полиция тексерісті бастап кетті.

РИА Новости ақпаратынша, облыс билігі жұрттың наразылығын тудырған оқиғадан кейін әйелге қол ұшын созған, алайда ол көмектен бас тартыпты.

Самара облысының тұрғыны шарасыздықтан табытты үкімет ғимаратына әкелуге мәжбүр болғанын айтты.

«Қазір ешқандай көмекке мұқтаж емеспін. Бізді зиратқа кіргізбеген кезде, көмек сұрағаным рас... Енді көмектесудің қажеті жоқ, мен тек күйеуімді жер қойнауына тапсырғым келді. Ал кешкі сағат жетіде қала ортасында табытпен жалғыз өзім қалғанымда, не істерімді білмедім», - деп түсіндірді әйел.

Оның айтуынша, қазір күйеуінің денесі жатқан табыт Самарадағы жерлеу залында тұр. Ал өзі Тольяттиге жол тартқан, баласымен бірге сонда тұрады екен. Енді ол күйеуін ауылға жерлеуді жоспарлап отыр.

Самара облысы Краснояр ауданы өкілдері жиналысының депутаты Азат Туймасов РИА Новостиге зираттағы жаға ұстатарлық оқиғаның куәсі болғанын айтып берді.

Оның сөзіне сенсек, әйел жерлеу қызметі саласында істейтін танысына жүгінге, ол әйелге Рубежное зиратына баруға кеңес береді.

Алайда жерлеу күні 20-30 шақты адам келіп, қабір қазуға кедергі келтірген. Әйелді зират маңына жолатпай, жерлеу рәсімін келесі күнге қалдыруды ұсынған.

Депутаттың айтуынша, осыдан кейін әйел табытты өңірлік үкіметтің ғимаратына апарыпты.


Новости партнеров