|
20.08.2022 | 15:15
10655

Павлодарда ер адам суға батып кеткен - достары оның өлімін жасырып қалған

Қазір полиция осы мәліметті тексеруге кірісті

Павлодарда ер адам суға батып кеткен - достары оның өлімін жасырып қалған fishingsib.ru

Павлодарда бір апта бойы із-түзсіз жоғалған ер адамды іздестірген. Оның суға батып кеткені анықталды. Енді оны іздестіру шаралары суда жалғасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

13 тамызда 45 жастағы Геннадий Лущай балыққа барған. Бірақ сол күйі үйіне қайтып оралмаған. Бірнеше күннен кейін "Поисковики города Павлодара Vita" қоғамдық ұйымының еріктілері ер адамның суға батып кеткенін мәлімдеді. Ал оның үш досы қайғылы оқиғаны жасырып айтпаған.

Куәгерлер сол күні Генаның үш досымен бірге болғанын көрген. Осыдан кейін еріктілер өз бетінше тексеріс жүргізді.

"Біз тергеуімізді өткізіп, қайғылы жағдайдың болғанын анықтадық. Өкінішке қарай, ер адам суға батып кетті", – дейді еріктілер.

Жоғалған ер адамның достары қайғылы оқиғаның мән-жайын айтты. Сол күні Геннадий өзенге түсіп, суға басып кеткен. Жолдастары қорқып, ешкімге ештеңе айтпаған. Ал киімін гаражға жасырып қойған. Қазір полиция осы мәліметті тексеруге кірісті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир