Петропавл полицейлері қоғамдық тәртіпті күшейті

polisia.kz
polisia.kz
Барлығының саусақ іздері алынып, фото-видео тіркеуге қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавл полицейлері бір күнде қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 123 адамды жеткізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Петропавлдық полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды анықтау бойынша ауқымды рейдтік іс-шара өткізді. Теміржол вокзалы, сауда үйлердің маңы, базарлар мен жылу құбырлар және қаңғыбастар жүруі мүмкін тағы да басқа орындар басты назарда болды. Полиция қызметкерлері бір күнде қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 123 адамды жеткізді. Олардың 20-сы бұрын сотталған, 15-і полицияның түрлі есептерінде тұрған, оның ішінде 9-ы – ұры. Екеуі – телефон ұрлаушы санатында. Барлығының саусақ іздері алынып, фото-видео тіркеуге қойылды, іздеудегі тұлғалардың тізімі бойынша тексерілді.

 – Осындай рейдтік іс-шаралардың мақсаты – үй-күйсіз жүргендердің аязды күндері үсіп қалмауын, өмірін сақтау, криминогендік жағдайдың ушығуына жол бермеу, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың жиналатын орындары туралы “102” арнасына не болмаса “102” мобильдік қосымшасын пайдаланып хабарлауға болатындығын еске саламыз, – дейді Петропавл қалалық ПБ бастығы Марат Жұмалиев.

Оқи отырыңыз: БҰҰ Қазақстаннан волонтер қабылдайды


Новости партнеров