Павлодар облысында карьерге құлаған автобусты іздеу жұмысы қайта жанданды

Павлодар облыстық ТЖД
Павлодар облыстық ТЖД
Алтын кенішінде құтқарушылардың жұмысы қайта жалғасты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шұңқыр түбіне шағын экскаватор түсірілді. Апатқа ұшаған автобус жатуы ықтимал жерді қазу жұмыстары қайта жалғасын тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

- Мамандар ойықты зерттеп болды. Қазір экскаватор ойық түбіне қайта түсіріліп, кен жыныстарын қайта экскавациялау жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.

Құтқарушылардың сөзінше, ойық түбіндегі терең шұңқыр үлкен тастар мен кен жыныстарының бір орында үймеленіп қалуынан пайда болған.

Жұмысты жалғастыру үшін терең шұңқырға шағын экскаватор түсірілді. 

Ведомствоның мәліметінше, саңылау тастар мен қатты жыныстардың опырылуы салдарынан пайда болуы мүмкін. 

"Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы ТЖ Павлодар облысында 4 қаңтарға қараған түні "Майқайыңалтын" кеніші шахтасының жанында автобус карьерге құлап кетіп, екі адам қаза тапқан еді. Автобуста 4 адам болған. Олар – "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының" Павлодар филиалының 3 қызметкері мен автобус жүргізушісі. Қаза болған екі қызметкердің денесі жер бетіне шығарылса, қалған екі қызметкерді іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

Бұл оқиғадан соң Павлодар облыстық полициясы "Майқайыңалтын" АҚ аумағындағы апатқа қатысты тергеуді бастады. Жақында тергеу қорытындысы жарияланды. Комиссия жауапты 7 адамды анықтады. Еңбек заңнамасына сәйкес, тергеу материалдары құқық қорғау органдарына жіберілген. "Майқайыңалтын" аумағында қаза болған құтқарушылардың отбасына сақтандыру өтемақысы берілетіні, отбасының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді жұмыс беруші өз мойнына алатыны белгілі болды. 2 ақпан күні Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов құтқарушының каскасы мен қол радиостанциясы табылғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:Кеніштегі өлім: марқұмның отбасы әділдік іздейді


Новости партнеров