Ресейден Қазақстанға газ транзиті уақытша тоқтатылды
©Станислав Красильников/ТАСС
Орынбор облысындағы федерал магистральдық газ құбырындағы жарылыс 23 ақпанда болғаны хабарланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Орынбор облысындағы «Союз» магистраль газ құбырында жарылыс болды, салдарынан Ресейден Қазақстанға газ транзиті тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Орынбор облысындағы федерал магистральдық газ құбырындағы жарылыс 23 ақпанда болғаны хабарланды. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өңір бойынша ТЖМ төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ деп хабарлады.
«Сағат 8.49-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 11.49-да) «Союз» магистраль газ құбырының нөлдік шақырымынан 123 шақырымына дейінгі газ құбыры учаскесінің жұмысы тоқтатылды. Алексеевка арқылы Қазақстан Республикасы аумағына келетін газ транзиті тоқтатылды», – деп хабарлайды Ресейдің Энергетика министрлігі өкілдері.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35