|
17.09.2020 | 18:28
6397

Жамбыл облысында жоғалып кеткен 7 жасар бала бір күннен соң табылды

Жеткіншек бір күн бұрын Көшаман ауылынан шығып кеткен

Жамбыл облысында жоғалып кеткен 7 жасар бала бір күннен соң табылды pikabu.ru

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында 15 қыркүйекте жоғалып кеткен 7 жасар бала бір күннен соң табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полицейлердің мәліметінше, жеткіншек аман-сау, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бір күн бұрын жоғалып кеткен баланы еріктілер мен полиция қызметкерлері тапты.

Бауыр еті баласын тауып қуанған Ерік Рысбайдың әкесі тапқан азаматқа қой атап жіберді. Жеткіншек бір күн бұрын сағат 15:00 шамасында Көшаман ауылынан шығып кеткен. Кешелі бергі іздеудің арқасында, бала көрші жатқан Көкжелек ауылы маңындағы қамыс арасынан табылды. Құқық қорғаушылар оның сол жерде түнегенін айтты.

«Баланы іздеуге қатысқан жанашыр  азаматтар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде  құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті  және жеке өз атымнан  осы шараға қатысқан барлық азаматтарға  өз алғысымды білдіремін», – деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов.

Айта кетер ақпар, іздестіруге барлығы 400-ден астам адам тартылған болатын. Оның ішінде полиция, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері, еріктілер бар. Сондай-ақ,  Төтенше жағдай департаменті тікұшағы және жергілікті орман шаруашылықтары бірінің АН-2 ұшағы да қамтылды. Сонымен қатар, қосымша күш ретінде Ұлттық ұланның қызметкері мен Меркі аудандық полиция бөлімінің 30 қызметкері де іздеуге қатысты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир