|
03.12.2023 | 15:18
7733

Ұлын соңғы рет құшағына басты: өрттен қаза тапқан 19 жастағы Никита Ақтауда жерленді

Никита Королев "Almaty Hostel" өртінен қаза тапты

Ұлын соңғы рет құшағына басты: өрттен қаза тапқан 19 жастағы Никита Ақтауда жерленді Фото: lada.kz

"Almaty Hostel" өртінен қаза тапқан Никита Королевтың анасы Instagram-дағы парақшасында ұлының жерлеу рәсімі 2 желтоқсанда өткенін жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Ақтауға үйіне бір күннен кейін ұшып баруы керек еді.

 - Никита менің жалғыз ұлым, 24 желтоқсанда 20 жасқа толатын еді. Оны көрмегеніме 1,5 жыл болды. Бүгін оны соңғы рет құшақтадым. Бұл өмірде немерелерім болады деп ойлаған едім. Қайғымды айтып жеткізе алмаймын, - деп жазды марқұмның анасы Евгения Вегер.

Еске салайық бұған дейін Алматыдағы хостелде шыққан өрттен қаза тапқан 20 жастағы Бейбарыс Әлдібекті Шымкенттен 100 шақырым жердегі Сынтас ауылында ақтық сапарға шығарып салғанын жазған едік.

Ал осы өрттен қаза тапқандар тізімінде жүрген Түркістан облысының 20 жастағы тумасы Рамазан Әмірәлі тірі болып шықты.

Алматыда бірнеше адамның өмірін қиған өрт 30 қараша күні, таңертең Әди Шәріпов көшесінде болған. Бұған дейін 13 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Оның ішінде: төртеуі – шетелдіктер (Ресейдің екі және Өзбекстанның ек азаматы), тоғызы – Қазақстан азаматтары.

2023 жылғы 1 желтоқсанда хостелді жалға беруші ұсталды.

Оқи отырыңыз: Алматыда хостелдегі өрттен тірі қалған жігіт анықталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир