|
Jol
18.11.2021 | 15:21
1313

Шығыс Қазақстан облысында үйлену тойында 3 жасар бала қайтыс болды

Кейбір деректерге қарағанда, трагедияға баланың жаңғақты жұтып қоюы себеп болған

Шығыс Қазақстан облысында үйлену тойында 3 жасар бала қайтыс болды ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы Көктал ауылындағы үйлену тойында үш жасар бүлдіршін көз жұмды. Кейбір деректерге қарағанда, трагедияға баланың жаңғақты жұтып қоюы себеп болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық полиция департаменті баланың көз жұмғанын растады.

"Осы жылдың 11 қарашасында Көктал ауылында 2018 жылы туған жас баланың өліміне қатысты Үржар ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады", – деп атап өтті ШҚО полиция департаменті.

Қылмыстық іс бойынша қажетті сот-медициналық сараптамалар белгіленіп, істің жан-жақтылығын, толықтығын және шынайылығын қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін атап өтті.

Дереккөз: sputnik.kz

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир