|
19.08.2019 | 15:25
3406

Дабыл бойынша көтерілді: қазақстандық әскерилер тауда құтқару операциясын бастады

Қолайсыз ауа райы құтқару операциясын қиындатып отыр, әскерилер альпинистерді іздеп табу үшін тепловизорларды пайдаланбақ

Дабыл бойынша көтерілді: қазақстандық әскерилер тауда құтқару операциясын бастады ИА Regnum

Қазақстандық әскерилер Қырғызстан тауларында жоғалған альпинистерді құтқару операциясын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құтқару тобының құрамында капитан Мақсұт Жұмаев, майор Аманжол Рахметов, топ басшысы – аға лейтенант Василий Пивцов бар. Қазақстандық әскери қызметшілер дабыл бойынша көтеріліп, толық жауынгерлік әзірлікте тұр", - деп нақтылады қорғаныс министрлігінен.  

Қазақстан ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті тікұшақ бөлген. Құтқарушылар тобы 4400 метр биіктіктегі базалық лагерьге көтеріліп, іздестіру жұмыстарын жүргізбек.

"Ауа райының қолайсыздығы құтқару операциясын қиындатып жатыр. Жоғалған альпинистерді іздеу үшін тепловизорлар пайдаланылады", - деді әскери ведомствоның баспасөз хатшысы.

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, тау шыңында жұмыс істеу үшін осындай ауа райына бейімделген құтқарушыларды жіберу аса маңызды. Бұл операцияға Ресейде альпинизмнен өткен "Эльбрус шеңбері-2019" халықаралық сайысына қатысқан әскерилер жұмылдырылды. Жалпы командалық есепте қазақстандықтар үздік үштіктің құрамына енген еді.

Еске сала кетсек, қазақстандық альпинистер Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев Қырғызстан тауларында қар құрсауында қалып қойды. Александр Чечулин өкпесі қабынып көз жұмған.

Жоғалған альпинистер Қырғызстандағы 7439 метрлік Жеңіс шыңының жоғары нүктесіне көтеріліпті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында альпинистерге тікұшақпен құтқарушы топ жіберілгенін хабарлады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир