Ақтауда полициядан қашқан жүргізуші жол апатына ұшырады (видео)
Жол қозғалысы ережесін бұзушы полицейлерден қашып кетпек болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтауда 9 маусым күні жол қозғалысы ережесін бұзып, апатқа ұшыраған жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болды.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері жол талғамайтын көлік бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін көріп, жүргізушіден дауысзорайтқыш арқылы тоқтауды сұраған, деп жазды «Лада».
Алайда тәртіп бұзушы бұл талапты елемей, жазадан жалтармақ болып, «Ақтау» сауда ойын-сауық кешеніне қарай кетіп қалған. 12А шағынауданында рөлге ие бола алмай, жол белгісінің бағанына соғылған. Көлікте жүргізушімен бірге жолаушы болған.
Полиция аталған оқиға бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа берілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25