Оралда төрт жасар бала терезеден құлап кетті
Фото: ашық дереккөзден
Оқиға бүгін сағат 09:54-те 5-шағынаудандағы бес қабатты үйде болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Оралда төрт жасар бала екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 09:54-те 5-шағынаудандағы бес қабатты үйде болды.
«Ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар ұл бала екінші қабат терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Маңдай тұсы көгеріп, сол жамбасы сынған. Ішінен жабық жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 адам, 1 техника) барды», - деп хабарлады департаменттен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.10.2026 08:20
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37