Нұр-Сұлтанда индустриалдық саябақтан 15 люк ұрлаған екі күдікті ұсталды
Фото: Рен ТВ
Қолды қылған кәріз люктерін олар метал тапсыру орындарына өткізген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтандағы индустриалдық саябақтан 15 люк ұрлаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елордалық полиция департаментінде мәлімдегендей, ұрлық жасағандардың бірі – 23 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Екінші күдікті – 20 жастағы қостанайлық. Қолды қылған кәріз люктерін олар метал тапсыру орындарына өткізген. Қазір тәртіп сақшылары темір қабылдайтын жердегі алып-сатарлық әрекетінің заңдылығы тексеруде. Ал күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
30.10.2026 18:15
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
30.10.2026 08:10
Адам жанына жайлы қала: Алматы қалай көркейіп келеді
29.10.2026 18:30
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31