Шымкентте күннің ыстығынан көліктің газ баллоны жарылды
ҚазАқпарат
Салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте көліктіңгаз баллоны жарылып, алты жолаушы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға Қаратау ауданы, Нұрсат 2 шағынауданындағы №16 тұрғын үйдің алдында болған. Kia Rio маркалы автокөліктің артқы багажында көлемі 350 мл кішкентай газ балон жарылған. Салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Олардың 4-і балалар.
«Жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды. Өрт болған жоқ. Алдын ала болжам бойынша күн сәулесінен автокөліктің багажы қызып кеткен болуы мүмкін», -делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Оқиға орнына ТЖД-нің 15 қызметкері мен 3 дана техника жұмылдырылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00