|
21.04.2020 | 15:43
1173

Ақтау қаласында әскерилер дезинфекция жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр

Маңғыстау облысында еліміздің басқа өңірлерінен кейін карантин жарияланған еді

Ақтау қаласында әскерилер дезинфекция жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр ашық дереккөз

Әскерилер Ақтау қаласындағы дезинфекция жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі Маңғыстау облысында еліміздің басқа өңірлерінен кейін карантин жарияланған еді. Бұл шаһарда дезинфекциялау шараларын Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері жасап жатыр. Қалалық және тұрғын нысандарынан басқа арнайы өңдеу жұмыстары Ақтау гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелердің аумақтарында да жүргізілді. Жеке құрамның қауіпсіздік шаралары бақылау-өткізу пунктінде басталады. Яғни қызметке келген әрбір адам медициналық тексеруден өтеді. Санитарлық-гигиеналық шаралар Каспий теңізінің қазақстандық секторында қызмет атқаратын әскери кемелерде күшейтілген. Барлығы мұқият дезинфекцияланып, іргелес аумақтар өңделеді.
«Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы қалалық органдарға өзінің көмегін көрсетіп, қалалық объектілерді, үй-жайларды бәрін дезинфекциялауға ат салысып отыр. Сонымен қатар әскери кемелерде дезинфекция жұмыстары өзіміздің бар құрал-жабдықтармен өткізіліп жатыр. Бұл құрал-жабдықтар әскери қызметшілерге және біздің экологияға ешқандай әсерін тигізбейді», – деді Бөлек әр текті кемелер жеке дивизионының командирі  Бауыржан МҰРАТҰЛЫ.
Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир