Батыс Қазақстан облысында 280 мүйіз қаққан браконьерлер құрықталды
Фото: Сакен Ділдахмет
Аталмыш факті Ақжайық ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, қылмыстық іс қозғалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
БҚО-да «Охотзоопром» инспекторлары 280 мүйіз қаққан браконьерлерді құрықтады. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Фейсбук парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Рейдтік шара барысында «Охотзоопром» инспекторлары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Шапаев ауылының маңындағы Атырау-Орал тас жолында БҚО азаматының басқаруындағы ресейлік нөмірлі Suzuki маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Көлікті тексеру барысында киік аңының 280 дана мүйізі табылып, тәркіленген.
Сәкен Ділдахметтің айтуынша, аталмыш факті Ақжайық ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабымен қылмыстық іс қозғалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34