Қазақстанда жыл сайын 13 мыңнан көп жол апаты тіркеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соның салдарынан 2 мыңнан аса адам көз жұмып, 18 мыңы жарақат алады екен. Ал биыл жыл басынан бері 10 мыңнан астам жол апаты тіркеліп, 1 мың 716 жолаушы көз жұмған. Дегенмен Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, соңғы бес жылда жол апаты саны азайып келеді. Әрбір 4 апат жылдамдықты асырғаннан болады екен. Кәмелет жасына толмағандар көлік тізгіндеп, түйісіп жататын оқиғалар да жиілепті.
«Елдегі жол-көлік оқиғалары мен жарақат алғандар бойынша статистикасының негізгі динамикасының көшелерді қажетті инфрақұрылыммен және жол жүру техникалық құралдарымен жабдықталған қауіпсіз елдімекендер айқындайды. Көше жол желісін тексеру тұрақты түрде жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша авариялық қауіпті жол учаскесін жою, сондай-ақ жол жүрісін ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын енгізу бойынша олардың иелеріне қатысты ұсыныстар енгізіледі», – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев.