Президент сайлауына орай «Қоғамдық пікір» қоры тәуелсіз бақылаушылар штабын құрды

Almaty.tv
Almaty.tv
Сайлау кезінде штаб жұмысының нәтижесі әлеуметтік желілерге салынып отырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент сайлауына орай «Қоғамдық пікір» қоры тәуелсіз бақылаушылар штабын құрды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгіннен бастап қоғамдық қор атынан саяси науқанды сырттай бақылағысы келгендердің ұйымға тіркелуіне болады. Жоба мүшелері елдің саяси өміріне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтарды, әсіресе жастарды бақылаушы болуға шақырды. Қазірдің өзінде байқаушы болуға 100-ге жуық адам ниет білдірген екен. Сайлау кезінде штаб жұмысының нәтижесі әлеуметтік желілерге салынып отырады.

«Біз бақылаушыларға арнап арнайы нұсқаулықтар да әзірлеп қойдық. Мұнда соңғы жаңарған заңнамалар қамтылды. Сайлауға байланысты ақпараттың бәрі бар. Егер науқан кезінде біздің бақылаушыларға құқықтық не басқа да көмек керек болса, арнайы сарапшыларымыз кеңес беріп, бағыт көрсетіп отырады», – деді қоғам белсендісі, бақылаушылар штабының жетекшісі Рафаэль Гасанов

«Сайлаудың науқанында жалпы процесс қалай болады? Сол процесті өз көзімізбен көргіміз келеді. Сайлаудың қаншалықты әділ өтетініне көз жеткізіп, тәуелсіз бақылаушы болуға ниет еттім», – деді журналист Мақсат Мамадияров.

Новости партнеров