«Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығындағы өрттің себебі анықталды

25.12.2023 18:18

Өртті сөндіруге 66 адам мен 14 техника жұмылдырылды

Фото: Астана ТЖД / пресс-служба ДЧС Астаны

Астанадағы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты. Оқыс оқиға сенбіде сағат 14:00-де болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Орталықтың жертөлесіндегі тұрмыстық техника сататын бөлігінде электр кабельдері тұтанып, нысанды қара түнін басып қалған. Сол сәтте келушілер мен қызметкерлер бірден эвакуацияланды. Қызыл жалын басылғанша тұрғындарды ішке кіргізуге мүмкіндік болмады. Қара суықта тоңып қалған адамдардың іште сырт киімдері мен заттары қалып қойып жатты.

Өртті сөндіруге 66 адам мен 14 техника жұмылдырылды. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ақпарынша, оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Трансформаторлық қосалқы стансаның 10 шаршы метрі жалынға оранған. Өрт сөндіру бөлімшелері жедел әрекет етіп, оқиға орнына 5 минутта жеткен.

– Шақырту орнына сағат 14:05 келдік, «Хан шатыр» сауда орталығынан 80 метр қашықтықта орналасқан 2 қабатты трансформаторлық қосалқы станцияда ыстық жылыту жүйесінің құбыры жарылып, температура өзгеруіне байланысты булану басталды. Соның нәтижесінде электр кабельдері ішінде қысқа тұйықтау орын алды, – деді Төтенше жағдайлар департаменті Нұра аудандық ТЖБ аға анықтаушысы Бағдат Мұзафаров.

Оқи отырыңыз: Құтқарушылар жұқа мұзда сақ болуға шақырады