Құтқарушылар жұқа мұзда сақ болуға шақырады

Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
Балықшылар мен жаяу жүргіншілер қауіпсіздік шарасын сақтауы тиіс
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Вадим Пактың айтуынша, желтоқсандағы қысқа мерзімді аязға қарамастан Алматы су айдындарындағы мұз өте жұқа. Күннің жылып, еруіне байланысты қауіпті  болуы  мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ӨКҚ сілтеме жасап. 

- Біздің қызметкерлеріміз жұқа мұз жарылып, апатқа ұшыраған адамдарды құтқаруда үлкен тәжірибеге ие. Осындай жағдайлардың бірі Әуежай көлінде болды. Адамдар жолды қысқартпақ болып, арғы беткен көлден өтуге тырысқан. Жұқа мұз  үстімен жүргенде  жарыла бастаған, абырой болғанда біздің қызметкерлер көмекке дер кезінде келді. Қайғылы жағдайдың алдын алды. Көптеген адамдар жасалған  ескертуді елемейді, мұз үстімен жүгіріп өте шыққысы келеді. Бұл қауіпті, - дейді Вадим Пак.

Құтқарушылар балықшылар мен жаяу жүргіншілерге қауіпсіздік шаралары туралы ескертеді. Балаларға ерекше назар аудару керек. Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін ата-аналар олармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, мұзда және су объектілерінің жанында ойнаудан аулақ болуды түсіндіруі тиіс. 

Сондай-ақ құтқарушы пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану туралы еске салды. Оларды үй-жайлардың ішінде тұтатуға және балкондардан іске қосуға қатаң тыйым салынады.

Отшашуды жағу алаңы тегіс болуы керек, оның үстінде ағаштар, электр желілері және басқа кедергілер болмауы тиіс. Жоғары сапалы өнімдерді пайдаланған жөн. 

Оқи отырыңыз: Мұзда сырғанақ тебуге тыйым салынады

Новости партнеров