Су ресурстары комитетінің басшысы қамауға алынды
Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.
Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
«Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға - 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», - делінген хабарламада.
Әзірге шенеунікке қандай айыптар тағылғаны хабарланған жоқ.
Айта кетейік, 15 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен уақытша шектетілген болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13