Шымкентте ірі наубайхана өртенді

13.05.2024 20:48

Салдарынан, наубайханада сақталған ұн өнімдері мен техника пайдалануға жарамсыз күйде қалды

ements.envato.com

Шымкентте наубайхана өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нан мен тоқаш пісіретін бір қабатты цехта жалын түнгі сағат 01:00 шамасында басталыпты. Мыңнан аса шаршы метрді шарпыған тілсіз жауды өшіруге 4 сағат уақыт кеткен. Алдын ала болжамға сүйенсек, өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Салдарынан, наубайханада сақталған ұн өнімдері мен техника пайдалануға жарамсыз күйде қалды. Абырой болғанда адам өлімі тіркелген жоқ.  

«13 мамырда сағат 01:21 минутта Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Азат мөлтек ауданында орналасқан нан өнімдерін шығаратын нан өнімдері цехының жалпы ауданы 1248 шаршы метрді құрайтын шатыр бөлігі және ішкі жабдықтары жанды», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Шәріп Асқар.

Оқи отырыңыз: Қызылордада тәулік ішінде 3 бала терезеден құлаған