|
13.03.2019 | 15:51
2964

Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Ауыр хәлдегі екі жұмысшыны да жедел жәрдем көлігімен № 4 қалалық ауруханаға алып кетті

Алматыда жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Бүгін Алматыдағы Жетісу ауданына қарасты Таиров пен Тәттібеков көшелерінің қиылысында түскі сағат он екі шамасында оқыс оқиға орын алды. Жол жөндеп жатқан жұмысшыларды көлік қағып кеткен, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ауыр хәлдегі екі жұмысшыны да жедел жәрдем көлігімен № 4 қалалық ауруханаға алып кетті.

«Түскі тамаққа шығардың алдында жұмыс жасап жатқанбыз. Жанат Оспанов пен Ермек Жанбусинов екеуі арнайы белгі қойып, тозған жолдың қазып алу тиіс бөлігін сызып жатқан. Қатты келген көлік екеуін бірдей ондаған метрге сүйреп кетті», - деді куәгер Айбек Асылбеков.

№4 қалалық клиникалық ауруханасының бөлім меңгрушісі, политравма дәрігері Дәурен Түсіпов зардап шегушілерге қатысты пікір білдірді.

«73 жылғы ер адам жабық ми жарақатымен түсті. Сонымен қатар аяғының терілері сырылған, өміріне қауіп жоқ», - деп мәлімдеді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир