Петропавлда көпқабатты үйде орналасқан пәтерден өрт шықты. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.Басылымның мәліметіне сүйенсек, 3 ақпан күні түс ауа пәтерлердің бірінде түтін шыққан. Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан бір адам зардап шекті. Өрт сөндірушілер 1957 жылы туған ер адамды пәтерден алып шықты. Өрт салдарынан түтінген уланған және термиялық күйік алған ер адам ес-түссіз жағдайда ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Оқи отырыңыз: Шымкентте газ құбыры істен шықты: ақауға жер сілкінісі себеп болған