|
27.01.2021 | 15:52
1526

Қостанай облысында 2 жасар қыз бала терезеден құлап кетті

Абырой болғанда бала үйілген қардың үстіне түскен

Қостанай облысында  2 жасар қыз бала терезеден құлап кетті  Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында 2019 жылы туған бүлдіршін екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлап, аман қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оқиға 26 қаңтар сағат 16:35 кезінде Рудный қаласының Тобыл көшесінде болған. 2 жасар бала үйінде 20 жастағы әпкесімен бірге болған. Әпкесі қонақ бөлмеде отырғанда, сәби ас үйдегі терезе маңында ойнап жанында ойнап жүрген. Кенет ол ашық қалған терезеден сыртқа құлап кеткен. Абырой болғанда бала үйілген қардың үстіне түскен. Кішкентай қыз бірден Рудный көпсалалы ауруханасына жеткізілді. 

«Тексеруден кейін балалар бөлімінің дәрігерлері оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтып, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта бала үйде ата-анасының қарауында», – дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов. Облыстық ТЖД балаларды үйде қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауға шақырады. Сонымен қатар терезелерге қауіпсіздік торын орнатуды ұсынады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир