Атырауда заңсыз балық аулаған ауыл тұрғындары ұсталды

09.11.2020 22:54

Заң бұзушылар сол күні уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

inform.kz

Атырау қаласының тәртіп сақшылары  заңсыз балық аулаған ауыл тұрғындары ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

8 қыркүйекте  Жайық өзені бойындағы рейдтік іс-шаралар барысында Дамба кентінің маңында қуатты қозғалтқышы бар қайық тоқтатылды. Тексеру барысында  жалпы салмағы 60 келі бекіре тұқымдас және 40 келі тартатын сазан табылды. Күдіктілер

– Дамба ауылының тұрғындары. Заң бұзушылар сол күні уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.