Халық жаппай наразылық білідіріп жатыр. Металлургияда қолданылатын кварцид химиялық затын өндіретін кен орнының жабылғанын қалайды. Айтуларынша, өндіріс өнімінің кесірінен төрт түлік жаппай қырылуда. Ал, күндерін малмен көріп отырған халықтың мәселесін, аудан билігі шешіп беруе қауқарсыз, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл – Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты 3 ауыл тұрғындарының жан айқайы. Сәлімбай, Шолақ қайың, Өрнек ауылдарында күнін малмен көрген көп дабыл қағып отыр. Айтуларынша, кварцид өндіретін зауыт жайылым жерді ластап, ауылға ағар бұлақты да былғаған. Салдары, төрт түліктің қырылуына әкеліп соқты, - дейді.
«Былтыр менің20 шақты ешкім өлді. Сойсаң, өкпелері бүрісіп қалған қара өкпе боп», – деді Сәлімбай ауылының тұрғыны Айдар ЖЫЛЫЗАҚОВ.
"Осыдан үш жыл бұрын менің 80 бас малым өлді. Өкпелері бүрісіп, қарайып кетті. Және жалғыз менде ғана емес", деді Сәлімбай ауылының тұрғыны Ербол ҚОЖАМБЕРДИЕВ.
«Балық та, бір отар қой да, қой-ешкісі бар, бәрі қырылып қалған», – деді Өрнек ауылының тұрғыны Рахманберді ҚОЖАМБЕРДИЕВ.
Қарағұрым халықтың мәселесінен аудан әкімі хабардар. Бүгін арнайы түсіндірмекке келген осында. Аудан басшысының сөзінше, кәсіпкер жерді 25 жылға жалға алып қойған. Сондықтан оны тоқтатудың жөні жоқ, - дейді. Сонымен қатар, кеніштің жан баласына тигізер зиянының жоқтығын айтуда.
«Бұл жобаның экологиялық қандай зияны тиуі мүмкін деген қорытындыны экология министірлігі берген. Нақты зияны жоқ деген сөз. Қортындысы бар. Оны біз қарап шықтық», – деді Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат САДЫРҚҰЛОВ.
Аудан басшысы 5 жыл бойы қорданғаланған мәселені, «қос тарапқа ыңғайлы етіп шешуіміз керек» деген сөзбен шектелді. Одан соң асығыс болды ма, қаумалаған халықтан кетуге тырысты.
«Казпромлит» өндірісі өкілінің сөзінше, жұмысын 5 жыл бұрын бастаған. Дегенмен, 3 ауыл тұрғындарының қарсылығы мен жолдың жоқтығына байланысты инвестициялық жоба күткен табысты ақтамапты.
«Біз контракт бойынша 3 жыл істеген. Пландары орындалмаған. Әр жыл 200 мыңнан артық кварц тасылуы керек болған. Орындалмаған, орындалмаудың 1 себебі жолдың болмауынан», – деді «Казпромлит» ЖШС директорының орынбасары Теңіз ШЫНТАЕВ.
110 мың қой, 6 мыңға жуық ірі түлігі бар 3 ауыл тұрғындары зиянды деп санаған зауыттың жайылым жерлерінде жұмыс істеуіне басы бүтін қарсы. Аудан басшылығы бұған қатысты жақын аралықта оң шешімнің болатынын айтуда. Ал, ауылдықтардың талабы; кварцид тасыған жүк көліктерін ауылға жақын маңнан мүлдем өткізбеу. Жағдай қайта қайталанса, зауыт көліктерін өртеуге дейін бармақ.
Мерей Бает, Олжас Ерғали, Мейіржан Ерболатов «Алматы» арнасы Жамбыл облысынан