Павлодар тұрғыны мас күйінде пәтерді өртеп, 5 қабаттың терезесінен секірген
Depositphotos.com
Көрсетілген мекенжайға тергеу-жедел тобы жіберілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
23 ақпан күні сағат 18:30 шамасында Павлодар қаласының полициясына "ер адам пәтерді өртеп, 5 қабаттан секірді" деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көрсетілген мекенжайға тергеу-жедел тобы жіберілді. Полиция пәтерде 36 жастағы ер адам анасымен бірге тұратынын анықтады. Ол мас күйінде пәтерді өртеп, 5 қабаттың терезесінен секірген. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілген жоқ. Өрт сол жерде оқшауланды.
Жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Істің мән-жайы мен себебі тексеру барысында анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37