Екібастұзда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды

дереккөзден
дереккөзден
Тағы біреуі ауруханаға жеткізілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екібастұз тұрғыны жол апатына ұшырап, салдарынан көлік бөлініп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми мәлімет бойынша, жол апатына себепкер болған көлік жүргізушісі есірткіге мас күйде болған. Оқиға салдарынан 20 жастағы жолаушы қаза болды, тағы біреуі ауруханаға жеткізілген.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарап кетті. Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 26 желтоқсанда кешкі уақытта болған.

"Кеңшілер көшесімен келе жатқан "ВАЗ" көлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші ағашқа соғылды. Жол апаты салдарынан 20 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, екінші 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.

Полицейлердің айтуынша, медициналық сараптама көлік жүргізушісінің есірткіге мас болғанын көрсеткен.

"Тексеру кезінде ер адамның көлік жүргізуге құқығы жоқ екені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлік мамандандырылған тұраққа қойылды", - деді облыстың ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Новости партнеров