Алматыда қоймадағы өрт 450 шаршы метр аумақты шарпыған
Өртпен күреске Алматы қаласының 67 қызметкері мен 27 өрт сөндіру техникасы, ,бір тікұшақ жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қоймадағы жалын ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық ТЖД сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, өрт толықтай сағат 14:49-да сөндірілді. Жалын 450 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бүгін таңертең қойма өртенген болатын. Өртпен күреске Алматы қаласының 67 қызметкері мен 27 өрт сөндіру техникасы, ,бір тікұшақ жұмылдырылды. Өрт сөндірушілерге «Алматы су» мекемесі де көмекке келді. Олар үш гидрант арқылы су шашып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34