Қарағанды облысында әйелдің өртенген денесі табылды

Sputnik
Sputnik
21 жастағы досымен бірге әйелдің денесін далаға апарып, өртеп жіберген жігіт ұсталды. Тергеу жүріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары даладан әйелдің өртенген мәйітін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми ақпаратқа сәйкес, әйелдің денесі Новая Дубовка ауылынан екі шақырым қашықтықта табылған. Мәйіт толық жанып кетпеген. Тергеушілер әйелдің Абай ауданының 42 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол әйелдің танысы болып шықты.  

"21 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Әйелмен ұрысып қалған соң оған жарақат салған. Артынша не істеп қойғанын түсінген ол дереу мәйіттен құтылудың амалын іздеген. Сөйтіп, 21 жастағы досымен бірге әйелдің денесін далаға апарып, өртеп жіберген", - дейді облыстық полиция мамандары.

Күдіктілердің мәйітті қай көлікпен тасымалдағаны анықталды. Көлік құралы тәркіленді. Күдіктінің жолдасына қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қаралып жатыр.

Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша тергеліп жатыр. Онда 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Новости партнеров