Қазақстандық блогер Instagram-ға видео түсіру кезінде жол апатына ұшырады
tengrinews.kz
Блогер көңіл көтеретін видео түсірмекші болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
NNN лақап атымен танымал отандық блогер Нұрдәулет пен оның досы Әлішер Қонысбаев көңіл көтеретін видео түсіру кезінде құны 30 миллион теңге тұратын көлікпен жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода дәретхана қағазының үстінде тұрған блогер қатты жылдамдықпен келген көліктің төбесінен секіріп өтеді.
Кейін қағаз тосқауылмен соқтығысқан жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, бар жылдамдықпен жолда тұрған ауыр жүк көлігіне соғылады.
Видеоға қатысушылардың ешқайсысы зардап шекпегені хабарланды.
Желі қолданушылары блогердің видеосын айыптап, оның жастарға қауіпті үлгі көрсетіп жатқанын жарыса жазды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00