Бостандық ауданында жеке тұлғаларға қатысты 76 хаттама толтырылды

открытые источники
открытые источники
Алматыда айыппұл енгізілгеннен кейін карантин тәртібін бұзу жағдайларының азайғаны байқалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Карантин режимін сақтауды бақылау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев айтты деп хабарлайды Almaty.tv.

Бостандық ауданында ішіндегі азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және жазғы терассалары бар стационарлы тамақтану нысандарын  қоспағанда, 3 СО, 6 СОСО, 1 базар, 59 фитнес-орталық және тренажер залдары, 144 сұлулық салондары, 62 монша (сауна), 6 кинотеатрдың жұмысы тоқтатылды.
«Орбита» базары өз қызметін жалғастыруда, нақтылай айтқанда жеңіл конструкциялы бастырма астында орналасқан сауда қатарлары күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим мен санитарлы-карантинді талаптарды және қызметкерлер мен келушілер ұстанатын шектеу шараларын  сақтай отырып бекітілген график бойынша істеуде.  Сондай-ақ жеке тұрған супермаркеттер, дәріханалар, ашық аспан астындағы және ұжымдық шаралар өткізілмейтін, залында отыру орындары 30-дан аспайтын ғимараттар ішіндегі қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс істеуге рұқсат берілген.
«Құрамына жергілікті полиция қызметі мен әкімшілік қызметкерлері кіретін 17 топ жұмыс атқаруда. Олар қала тұрғындарын карантин шараларын, әлеуметтік арақашықтықты және бетперде режимін сақтау қажеттігі мәселелері бойынша ақпараттық құлақтандыру жұмыстарын жүргізуде»,-деп баяндады аудан әкімі орынбасары С. Әділбаев.

Ақпаратық құлақтандыру жұмыстары магистралды көшелерде, аулалар мен бұқаралық демалу орындарында жүргізіледі.
Тұңғыш Президент атындағы саябақта халықтың жаппай топтасуын болдырмау  мақсатында әлеуметтік арақашықтықты сақтау үшін қауіпсіз қашықтықты көрсететін белгілер белгіленген.

Одан бөлек, ауданда ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап карантин режимі мен санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды бұзу жағдайларын анықтау бойынша 12 мобильді топ жұмыс істейді. Осылайша, шілденің 5-нен 17-не дейін 153 нысан тексерілді. Олардың ішінде 18-і қызметтерін тоқтатып, 112 нысаннан тәртіпбұзушылықтар анықталды. Нысандардың бірінен 30 адамға арналған ұжымдық банкеттің өткізілгені анықталды. Шара тоқтатылып, қонақтар үйлеріне тарап, хаттама толытырылды.

Маска режимін сақтамағаны үшін жеке тұлғаларға қатысты 76 хаттама толтырылды. Аудан тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.


Новости партнеров