Астанада газ баллонын жармақ болған ер адам ұсталды

Астанада газ баллонын жармақ болған ер адам ұсталды
Полиция қауіпсіздік шараларын түгел орындады, ер адамның талаптары тексеріліп жатыр, деп хабарлады ІІМ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Қазмедиа орталығы алдында газ баллонын жармақ болған ер адамды полиция қызметкерлері ұстады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Полицейлер газ баллонын Қазмедиа орталығы алдынан алып кеткен.

«Полиция қызметкерлері тиісті қауіпсіздік шараларын орындады. Қазір ер адамның барлық талабы тексеріліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталған соң толық ақпарат береміз. Қазір ер адамның әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу деп бағаланды. Оқиғаның анық-қанығын білу үшін ер адам Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді», – деп хабарлады Ішкі істер министрінің кеңесшісі – ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Бұдан бұрын хабарланғандай, болжам бойынша, ер адам Жамбыл облысы Ойтал ауылынан келген. Ол 20 жыл бойы қол жеткізе алмай жүрген жер учаскесін талап етті.


Новости партнеров