Автобус рельске шығып кеткен: Ерлан Тұрғымбаев Шамалғандағы апат себебіне қатысты болжам жасады

Фото Nur.kz
Фото Nur.kz
Өткелге көпір 2020 жылы салынатын болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шлагбаум толық жабылмай қалған. Сол себепті автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен. Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Шамалғандағы жолаушылар пойызы мен автобустың соқтығысына қатысты алдын ала болжамдар жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте болған қос министр, ең алдымен апат салдарынан мерт болған адамның жақындарына көңіл айтты. Бүгінде Шамалған стансасында орын алған жол-көлік оқиғасын тергеу бойынша комиссия құрылған. Оның құрамына Көлік комитеті мен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының лауазымды қызметкерлері енген. Роман Скляр апаттың хронологиясын айтып берді. Айтуынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен.

«Өткелде көліктер тұрғандықтан, шлагбаум толығымен жабылмай қалған. Автобус осы кезде өткелге шығып кетіп, кептелістің салдарынан сол өткелдің үстінде тұрып қалды. Пойыз сағатына 97 шақырыммен келе жатты. Өткелге дейін 500 метр жер қалғанда машинист шұғыл тежегішті басады. Алайда, жолаушылар автобусымен соқтығысты алдын алу мүмкін болмаған», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман СКЛЯР.

Қазір мәселе май шаммен қаралып жатыр. Бүгінде автобус сараптамаға берілген. Анықталғаны, «Setra» маркалы автобус 1990 жылы шығарылған. Техникалық тексерістен өту мерзімі 2019 жылдың 16 шілдесінде өтіп кеткен. Мамандар тепловозды да тексеруге алыпты. Ал журналистер тарапынан көлік ағыны көп аумақты патрульдік полиция неге қадағаламаған деген сауалға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев былай деп жауап берді.  

«Қазір бізде жол полициясы жоқ екенін білесіздер. Патрульдік полиция ғана жұмыс істейді. Көліктердің кептелісі кез келген қалада, барлық жерде бола береді. Әсіресе кешкі сағат 17.00-19.00 аралығында азаматтардың көбі жұмыстарынан шығады, балабақша мен мектептен балаларын алып қайтады. Бізде полиция қызметкерлері жетіспейді. Сондықтан, біз патрульдік полицейлерді тек мектептер мен балабақшалардың жанында, үлкен көшелердің қиылысында қоямыз», – деді  ҚР Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ.

Ал, көпір неліктен салынбады деген сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жоба бюджетке айтарлықтай шығын алып келеді деп жауап берді.

«Аталған теміржол өткелімен бір тәулікте 65 пойыз өтеді. Ал автокөлік қозғалысының қарқыны - 10 мың автокөлік. Сөзсіз, аталып отырған өткелге көпір, өтпежол салу керек. Алайда, дәл осы аумақта өтпежол салу үшін сол жердегі 70-ке тарта жеке үйді сүру керек. Бұдан бөлек, 2 жанар-жағармай бекетін де алып тастау қажет. Бұл әрине, үлкен бюджеттік шығынды талап етеді. Сол себепті, аталған өткел қосымша күзет сигнализациясымен ғана емес, автокөліктің өтіп кетпеуін қамтамасыз ететін кедергілік құралдарымен жабдықталған еді», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман СКЛЯР.

Дегенмен, Роман Скляр өткелде көпір салу келесі жылға жоспарланғанын жеткізді. Алайда, көпір дәл осы аумақта емес, жер үйлер азырақ сүрілетін жерге салынатын болады.

Новости партнеров