Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Павлодардағы дәмханалардың бірінде жанжал шықты деген шақыруға келген полицейлер оқиға орнында төбелес орын алғанын анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Мас күйде болған (медициналық куәландырумен расталды) жанжалға қатысушылар полицияның заңды талаптарына бағынбаған. Ер адам оқиға орнынан қашуға тырысып, полицейге қарсылық көрсеткен, сонымен қатар погондарын жұлып, нысанды киімдерін бүлдірген.
- 32 жастағы күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Полицейлердің бірі ауруханаға медициналық көмекке жүгінді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 380-бабы 4-бөлімінің 1-тармағы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөліміне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.
Оқи отырыңыз:Алматы полициясы азаматтарды айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды