|
05.04.2019 | 17:07
2606

Оралдық полицейлер биіктен секіріп өлмек болған қызды құтқарып қалды

Видео было снято на камеру нагрудного жетона полицейского

Оралдық полицейлер биіктен секіріп өлмек болған қызды құтқарып қалды

Оралдық полицейлер 5 қабатты ғимараттың төбесінен секірмекші болған қызды құтқарып қалды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 3 мамыр күні болған. Кешке таман «102» қызметіне әлдебір бойжеткеннің ғимарат төбесінен секіргелі жатқаны туралы хабар келіп түседі. Аға лейтенант Нұрболат Смағұл мен лейтенант Нұржан Ғұмыров аумақта кезекшілік атқарып жүрген болатын. Рация арқылы жас қыздың 5 қабатты ғимараттың шатырына көтеріліп алып, секіруге оқталып тұрғанын естиді де, бірден оқиға орнына жетіп, еш ойланбастан ғимарат шатырына көтерілген. Бірінші болып көтерілген Нұрболат есімді полицей қыздың назарын аудару үшін, онымен келіссөз жүргізе бастайды. Бірақ, қыз оған мүлде жауап бермейді. Дегенмен, полицей әңгімені жалғастыра отырып, ақырындап қызға жақындады да оның қолынан ұстап алады. Сөйтіп, әріптесі Нұржан екеуі қызды төменге түсірген.

Қызды аман алып қалғаннан кейін полицейлер оны бөлімшеге алып келіп, қажетті тергеу шараларын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілген соң қызды туыстары үйіне алып кетті.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир