|
24.07.2020 | 17:14
4507

Белгілі фотограф, танымал режиссер Олег Белялов өмірден өтті

Қазақстанның орнитологиясы мен кинематографиясы ауыр қайғыға ұшырады

Белгілі фотограф, танымал режиссер Олег Белялов өмірден өтті Фото со страницы Олега Белялова в Facebook

Дарынды фотограф, танымал орнитолог, режиссер Олег Белялов қайтыс болды. Ол  – табиғат сұлу суреттелген керемет фильмдердің авторы болды, Қазақ жеріндегі  құстардың  көптеген сирек кездесетін және жарқын суреттерін түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Олег Вячеславович Беляловтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Бала кезінен Олег Іле Алатауының айналасындағы әсем табиғатқа және Қазақстанның шөлді пейзажына деген сүйіспеншілігін әкесінің шебер бейнелеген фильмдерінен көре алды.

Оның тәлімгерлері - атақты орнитолог Анатолий Ковшар және О.Беляловтың әкесі, талантты оператор Вячеслав Алиевич Белялов болды.

Бұған қоса, Олег Белялов альпинист болды; барлық жерде құстарды бақылап, суретке түсірді. Далалық зоологиялық зерттеулердің әдістемесін жетік меңгерген ол бұл бақылаулардың нәтижелерін бағып қана қоймай, әрдайым дәл жаза білді, кейін оның жұмыстары ғылыми жарияланымдарда пайда болып, ол  ұсынған ақпараттың дәлдігі әрдайым ерекшеленіп тұрды. Уақыт өте келе Олег Белялов оларға кәсіби талдау жасай бастады.

Ол - «Новые данные по редким птицам Бухтарминской долины (Южный Алтай)» (1999), «Орнитологическая экскурсия в горы Улытау» (2006), «Орнитологические наблюдения на Мангышлаке и Устюрте» (2008) және т.с.с. 150-ден астам ғылыми жарияланымдарының авторы.

Сонымен қатар, Олег Белялов Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында үш толықметражды деректі фильм түсірді: «Алтын Емел» (2017); «Қызғалдақтардың отанында», (2018), «Алатау», (2018).

2018 жылы ол «Деректі фильмнің үздік режиссері» номинациясы бойынша Қазақстан Кинематографистер одағы «Құлагер» сыйлығының лауреаты, ал «Қазақфильм» киностудиясында жылдың үздік режиссері атанды.

Олег Беляловтың ерекше еңбегі – ол Қазақстанды, Қазақстан табиғатын шетелде танымал етумен айналысқаны.

Қазақстанның орнитологиясы мен кинематографиясы ауыр қайғыға ұшырады...

Олег Вячеславович Беляловтың отбасы мен туыстарына, әріптестері мен достарына қайғырып көңіл айтамыз, делінген хабарламада.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир