Қордайда аударылған автобус ішінде 3 елдің азаматтары болған

Қордайда аударылған автобус ішінде 3 елдің азаматтары болған
Қаза тапқандардың жетеуі - қазақстандық, үшеуі Өзбекстан азаматтары
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар деп жазды Азаттық ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол апатынан қаза тапқан 11 азаматтың жетеуі - Қазақстан, үшеуі - Өзбекстан азаматы, бір адамның азаматтығы анықталған жоқ. Ауруханаға жеткізілген зардап шеккендер арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар" делінген министрліктің таратқан хабарламасында.

20 сәуір таңғы сағат бес шамасында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Алматы - Ташкент бағытындағы трассаның 181-ші шақырымында Toyota көлігі жол жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Көлік артында келе жатқан автобус аударылған. Көлік апатынан 11 адам қаза тапқан, 29 адам зардап шеккен.

Оқиғаға байланысты "жол ережесін бұзу", "көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті өкілдерінен құралған шұғыл-тергеу тобы құрылған.

Новости партнеров