Омбы – Майқапшағай тасжолында көлік аударылып, 3 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Көлік жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Омбы – Майқапшағай тасжолында жол апатынан 3 адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Омбы – Майқапшағай тасжолында Павлодар облысына 1 шақырым қалғанда болған.
«Хонда» маркалы автокөлік жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып жіберген. Сондықтан рөлге ие бола алмай қалып, көлік аударылып түскен. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы сол жерде көз жұмды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3 және 4-бөліктеріне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33