Алматыда ер адам №135 автобус жолаушыларын пышақпен қорқытты

Ашық дерек көзінен
Ашық дерек көзінен
Осы факті бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі айналысуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы полициясы автобус жолаушыларын пышақпен қорқытқан ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.  

Әлеуметтік желіде бейнежазба тарған. Онда қоғамдық көліктің ішінде ер адамның пышақпен  жолаушыларды қорқытқаны түсірілген. Кейін ер адам автобустың дөңгелегін теспек болғанын көруге болады.

Полицейлер видео жөнінде пікір білдірді.

-Бұл факті бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ер адамның жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.

-Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі, – деді полицейлер.

Оқи отырыңыз:Жол үстіндегі бетон: күре жолға кедергі қойған кімдер

Новости партнеров