|
25.12.2019 | 16:15
3704

Жамбыл облысында екі полицейді көлік қағып кетті

Оқиға салдарынан Жамбыл облысы Полиция департаментінің екі инспекторы зардап шекті

Жамбыл облысында екі полицейді көлік қағып кетті uganka.ru

Жамбыл облысында екі полицейді жолда көлік қағып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Жол-көлік оқиғасы бүгін, 25 желтоқсанда болды.

Полиция қызметкерлері Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолының 205 шақырымында Қордай ауданы Соғанды ауылының маңында жыраға түсіп кеткен Honda көлігін байқаған.  

"Полицейлер жол-көлік оқиғасын рәсімдеп жатқанда Тараз-Алматы бағытында келе жатқан Audi A6 маркалы автокөлігі жол жиегінде тұрған оларды қағып кетті. 33 жастағы жүргізуші көктайғақ салдарынан көлігін басқара алмай қалған", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан Жамбыл облысы Полиция департаментінің екі инспекторы зардап шекті. Аға лейтенант Серік Ибраимовтың жағдайы ауыр, екінщі аға лейтенант Бақытжан Наурузбаев түрлі жарақат алған. Екеуі де Қордай ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Оқиға болған жерде тергеушілер жұмыс істеп жатыр.  

"Құрметті жүргізушілер, қайғылы жайттар мен осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін сақ болуды және жолда жүру ережелерін қадағалауды сұраймыз. Сондай-ақ, облыс территориясында ауа райы әлі тұрақсыз екенін хабарлаймыз", - деді полиция өкілдері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ДТП
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир