Теміртау қаласында 361 келі есірткі заттары тәркіленді

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Сараптама бұл кептірілген марихуана екенін көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теміртау қаласында 361 келі есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне «екі ер адам "гашиш" сатумен айналысады» деген ақпарат келіп түскен. Арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдіктілер ұсталған. Олардың бірінің көлік тұрағынан салмағы 496 гр "гашиш" есірткі заты табылды. Одан әрі полиция қызметкерлері есірткі заттарын көтерме сатушыны анықтаған. Ол Ақмола облысының 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері есірткі сатушымен бірге болған 45 жастағы Жамбыл облысының екі тұрғынын қолға түсірген.

«Жедел уәкілдер 361 кг өсімдік тектес жасыл түсті заттарды сату фактісін анықтады. Сараптама бұл кептірілген марихуана екенін көрсетті. Бұдан бөлек, Теміртау қаласында кафелердің бірінің жанында көтерме бағамен сатушы ұсталды. Одан 1 кг. 196 гр "гашиш" алынды. Тергеу жүргізілуде», – деді Қарағанды облысы ПД басытығы Ерлан Файзуллин.

Новости партнеров