|
Jol
22.02.2024 | 16:16
391

Жүргізуші куәлігін алу емтиханында құлаққап қолданған азамат ұсталды

Жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын жүйе енгізілді

Жүргізуші куәлігін алу емтиханында құлаққап қолданған азамат ұсталды elements.envato.com

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздіксіз күрес жүргізіп келеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жүргізуші куәліктеріне теориялық емтихандарды тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін бұған дейін "3.0 ЖЖЕ" жүйесі енгізілген болатын. Енді тестілеу процесін шулы электромагниттік жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын технологияның көмегімен де бақылауға болады.

Әдетте жүргізуші куәлігін алуға әрбір үшінші үміткер айласын асырып, теорияны микроқұлаққаппен тапсыруға тырысады. Бұл олқылықты болдырмау үшін мемлекеттік корпорация оларды анықтайтын арнайы детекторлар енгізді.

- Микроқұлаққаптардың диаметрі 2 миллиметрден аспауы мүмкін, оларды көру мүмкін емес болғандықтан, біз жиілігі төмен сигналдарды анықтайтын жүйе енгіздік. Ол микроқұлаққаптардың бар-жоғын бірден анықтап, ХҚКО операторына дереу хабарлауға қауқарлы. Сондай-ақ, бағдарлама автоматты түрде экранға микроқұлаққап табылғаны және тестілеудің тоқтатылатыны туралы хабарламаны шығарады, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» МК басқарма төрағасының орынбасары Шыңғыс Оразалимов.

Тағы бір айта кетер жайт, көмекші техниканы, үшінші тұлғалардың көмегі мен кеңестерін пайдаланудың барлық фактілерін мемлекеттік корпорация тіркейді. Бұл ретте емтихан нәтижелері жойылады. Емтиханға қайта кіру үш айдан кейін ғана мүмкін болады.

Қазақстанда ЖЖЕ 3.0 жүйесі енгізілген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін емтиханды түрлі айла-шарғымен тапсырудың 222 фактісі анықталды.

Оқи отырыңыз: Аlaqanpay: алақаныңызды сканерлеу арқылы төлем жасауға болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир