Көкшетаулықтарға жамбылдық құтқарушылар көмектесіп жатыр
gov.kz
Көкшетау қаласының эвакуациялық пунктінде 29 адам бар, оның 11-і бала
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көкшетау қаласында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бір тәуліктің ішінде облыс орталығында 47 мың текше су сорылды. Бұл жұмыстарға Ақмола облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан мен Жамбыл облысы ТЖД барлығы 304 адам, 87 бірлік техника және 16 мотопомпа жұмылдырылған.
- Су тасқынына қарсы штаб құрылғаннан бері қолданыстағы 2 443 метр бөгет нығайтылып, 2 943 метр жаңа бөгет тұрғызылды. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының эвакуациялық пунктінде 29 адам бар, оның 11-і бала, - деді ведомстводан.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысының тағы 14 ауданына қауіп төнді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32