Алматы облысында үй өртеніп, ер адамның денесі табылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен 6 төтенше жағдай қызметі, полиция және жедел жәрдем техникасы жұмылдырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 ақпан күні сағат 02:49-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Райымбек ауылдық округіндегі саяжай қоғамдастығының тұрғын үйінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барған құтқарушылар үй иесінің денесін тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт салдарынан 68 шаршы метр аумақ болатын төбе опырылған.

- Сағат 04:00-де өрт локализацияланып, 05:03-те сөндірілді. Өрт орнынан үй иесінің мәйіті табылды, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Өртті сөндіруге 20 қызметкер мен 6 төтенше жағдай қызметі, полиция және жедел жәрдем техникасы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Аязда қалған тастанды сәби: Қарағанды полициясы безбүйрек ананы іздейді

Новости партнеров