|
25.02.2024 | 17:54
443

Астанада автобустан жолаушы құлады

Тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды

Астанада автобустан жолаушы құлады elements.envato.com

Астанада автобус жүргізушісі Қ.Сәтбаев көшесінің бойымен келе жатып, жолаушылардың толық мінгеніне көз жеткізбей, аялдамада әйелдің салоннан құлап кетуіне жол бергені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Адам толы автобусқа әйел кіріп, көліктің есігі жабылған. Автобус қозғала бастағанда есік қайтадан ашылып, әйел одан құлап кетеді. Алайда автобус жүргізушісі тоқтамай кете берген.

Желі қолданушылары жүргізушінің бұл әрекетіне де, қоғамдық көлікті тоқтатпаған жолаушыларға да наразы болды.

- Жолаушы зардап шеккен жоқ. Тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін жүргізуші жауапқа тартылды, - делінген Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында үй өртеніп, ер адамның денесі табылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир